1 наурыз – Алғыс айту күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дәстүрлі мерекеге айналды.
Елбасымыз 2016 жылы 1 наурызда елордада Алғыс айту күнін атап өтуге арналған алғашқы салтанатты жиында: «Алғыс айту күні – енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», деген болатын.
Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!