Бүгін Болашақ ауылындағы Темір жол вокзалы фойесіне жиналған ауыл тұрғындарына Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков және Болашақ ауылының әкімі Түзелбай Сағиев есептік жиын өткізді. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге аудан басшысы мен бөлім, мекеме басшылары және Болашақ ауылының тұрғындары қатысты. Есептік баяндамадан кейін сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды. Ауыл тұрғындарын қабылдап, МӘМС жүйесі, АӘК мәселесі түсіндірілді.
Айта кетейік бұған дейін Сенек, Құланды, Бостан ауылдарында еспетік жиын өткен болатын. Барлық ауылда тұрғындар өз ойларын ортаға салып, әкімдерге қанағаттанарлық, оң бағасын берген. Ертең Жетібай және Мұнайшы ауылдарында есептік жиын өтетіндігін айта кетейік.
Ал, Болашақ ауылдық округіне оралсақ, тұрғындарының саны – 640. Ауылдық округке Бопай елді мекені қарайды. Табиғи газбен, электр энергия, ауыз сумен 100% қамтамасыз етілген. Ауылдық округте 1 шағын футбол, 1 волейбол және 3 балалар ойын алаңдары бар. Ауылдың негізгі жұмыс көзі - темір жол, жүк тасымалы.
2019 жылғы 30 қаңтардағы кезекті есеп беру кездесуіндегі тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштердің орындалысына келсек, Болашақ ауылында орналасқан 10 орынды амболатория ғимаратын ҚТЖ ҰК АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі мекемесінен Қарақия аудандық емхана меншігіне алу бойынша жұмыстар жасалып жатыр.
Болашақ ауылын абаттандыру жұмыстарын жүргізу сметасы жасақталды. Бюджетте қаражаттың жетіспеуіне байланысты, 2020 жылдың бюджетіне ұсынылды.
Болашақ ауылындағы электрэнергия тарифін түсіру бойынша облыстық энергетика басқармасына ұсыныс берілді.
Қазіргі таңда ҚТЖ ҰК АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі тарапынан ауыл ішіндегі электр энергиясына жеке дара бөлу бойынша комиссияда қаралып, шешім шығартылып берілді.
Арнайы кесте бойынша мәдени – спорттық шаралар ұйымдастыру. Жыл басынан бері әр атаулы мерекеде спорттық (шағын футбол, волейбол, баскетбол және тағы басқа) мәдени жарыстар өткізілді.