Ақтау қаласының тұрғыны қаңғыбас иттердің суреттерін жолдап, оларды ұстау мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
- 4 шағын аудан 47-үйдің жанында үнемі топталып иттер жүреді, түнімен үріп, ұйықтатпайды, - деп жазады Ақтау тұрғыны.
Сұраққа Ақтау қалалық ветеринариялық стансасының мамандары жауап берді.
– Қолданыстағы заң бойынша біз қаңғыбас иттерді ұстай алмаймыз. Бірақ егер олар қауіп төндірсе, біздің ұйымға келіңіз. Өтініш жазыңыз, содан кейін біз жұмыс күндері шағым бойынга жұмыс жасаймыз. Мекен-жайымыз: 3 «Б» шағын ауданы, 2-ғимарат, 302-бөлме, телефон 52-40-55, - деп түсіндірді мамандар.