«Women in Mining Russia» коммерциялық емес ұйымы «Өндіруші саладағы талантты әйел» сыйлығына өтінімдер қабылдау әлі жалғасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Өндіруші саладағы талантты әйел» сыйлығы мансаптық жетістікке жеткен, кәсіпорындардың жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, технологиялық дамуға үлес қосқан және лайықты үлгі болып табылатын кәсіпқой әйелдерді атап өту үшін құрылған.
«Өндіруші саладағы талантты әйел – 2022» сыйлығының номинациялары:
«Болашақ көшбасшысы» - басшының немесе әріптестің өтінімі. Үздік нәтижелері мен көшбасшылық қасиеттерін көрсеткені үшін кіші мамандарға (35 жасқа дейін) арналған номинация.
«Жыл инноваторы» - кәсіпорын процестерін оңтайландыру/инновацияларды енгізу бойынша жобаны бастаған немесе іске асырған әйел.
«Жыл серпілісі» - таланты қарқынды мансаптық өсуге түрткі болған әйел.
«Жылдың әлеуметтік/волонтерлік жобасы» - жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосқан үлесі, өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да әлеуметтік жобалар мен бастамалары марапатқа лайық әйел.
«Жылдың жеке жетістігі» - кедергілерді сәтті жеңумен байланысты жеке тарихы, мансаптағы жеке жетістігі жаңа жеңістерге шабыттандыратын әйел.
«Шабыттандыратын көшбасшы» - басшы әйелдің көрнекті көшбасшылық және кәсіби қасиеттерін тану туралы ұжымнан немесе жеке өтінім.
«Жыл тәлімгері» - жұрт кеңес алуға жүгінетін әйел, басшы немесе әріптес. Номинацияны нәтиже тарихымен растау маңызды.
«Жыл жобасы» - соңғы үш жылда ірі жобаны жүзеге асырған әйел.
«Жыл амбассадоры» - кәсіпорында WIM RU мақсаттарын танымал етуге бағытталған жобаларды/ бастамаларды енгізген әйел/ер адам.
«Жылдың алтын идеясы» - идеясы трендке айналған, оны көбейте бастаған, көптеген адамға, процестерге әсер еткен, оң қажетті өзгерістерді бастаған әйел.
Өтінімдерді қабылдау 09 наурыздан 17 маусымға дейін жалғасады. Ал өтінімдерді өңдеу 18 маусым мен 31 шілде аралығын қамтиды. Қазылар алқасы мүшелерінің өтінімдерді бағалауы – 01.08 – 31.08.
Марапаттау рәсімі 7 қазанда Мәскеу қаласында өтеді.
Айта кетейік, «Өндіруші саладағы талантты әйел – 2022» сыйлығы Ресейде және ТМД елдерінде өткізіледі. Қазірдің өзінде тау-кен, металлургия және өндіруші секторлардағы ең маңызды кәсіби іс-шаралардың бірі ретінде өзін танытып отыр
Егжей-тегжейлі ақпаратты «Women in Mining Russia» коммерциялық емес ұйымының веб-сайтынан алуға болады - www.womeninmining.ru (https://womeninmining.ru/nagrada)
Аккредиттеу, серіктестік және демеушілік үшін info@womeninmining.ru мекенжайына хабарласа аласыз.