1 қыркүйекте Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жалпыұлттық халық санағына онлайн режимде де қатысуға болады.
«Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қолжетімді»,- деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.
Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады.
Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет.
Айта кетейік, тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтіп жатыр.