Ануарбек Бимағамбет “Қазақстан» РТРК” АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
А. Бимағамбет 1980 жылы Маңғыстау облысында туған. Еңбек жолын 1997 жылы “ТVT” телестудиясында журналист болып бастаған. Әр жылдары “Хабар” агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі, “Қазақстан” ТРК, ақпараттық анализ бағдарламалары дирекциясында, “Қазақстан-Ақтау” ТРК журналист, “Хазармұнай” ЖШС жұртшылықпен байланыс бойынша кеңесшісі қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас эксперті, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы, Маңғыстау облыстық бокс федерациясы, үйлестірушісі, “Шерқала” журналының редакторы, “Әбіш әлемі” журналының редакторы, Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Қазақстан» РТРК МОФ директоры, “Ақтау” телеарнасында басшылық қызметте еңбек етті.