Бұл туралы қоғамдық талқылауда айтылды. Ескерткіш батырдың 18 ғасырда қазақ жерінің бүтіндігі жолында шайқасқан ерліктері мен қайсарлығын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында орнатылмақ.
Ер Шотан Жоңғар шапқыншылығы кезінде Абылай мен Әбілқайыр ханның сенімді серігі, таңдаулы сардары болған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді және Өтеген батырлармен бірге қазақ қолының бір бөлігіне басшылық еткен.
Шотан батыр ұрпақтарының бірнеше жылдан бері көтерген рухани мәселесі бүгінде облыс және қала әкімдігі тарапынан қолдау тауып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтаудағы №18 автожол бойындағы үлкен плакат жанына тұрғызылмақ.
Қоғамдық талқылауға жиналған белсенділер мен облыстық және қалалық депутаттар батыр ескерткішін бірауыздан мақұлдады.