Биыл аудандағы 3 жылыжай алаңы 0,056 гектарға ұлғаяды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Ақтау BS Строй» ЖШС-гі көлемі га жылыжай кешені іске қосады. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Тілек Көшмағанбетов айтты.
Маңғыстау ауданында жылына 200 тонна дәнді дақылдарды өсіру жоспарланып отыр. Негізінен қияр-қызанақ, баялды, бұрыш егуге басымдық беріледі. Құрылысы басталған жылыжай заманауи құралдармен жабдықталады. Іске қосылған соң 10 адам жұмысқа алынады.
«Егін шаруашылығы Жыңғылды, Өтес, Ақтөбе, Онды және Шайыр ауылдарында кең қолданыста деп айтуға болады. Былтыр 36 шаруа қожалығы 250 гектар жерге егін екті. Егістіктің басым көпшілігі Жыңғылды ауылының маңында орналасқан. Биыл осының көлемін ұлғайту күн тәртібінде тұр», - деді Тілек Көшмағанбетов.