Бүгін облыс әкімі С.Трұмов «Ақтау теңіз порты» экономикалық аумағында салынатын зауыттың жобасымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпорын мұнай өндірісіне қажетті құбырлар шығарады. Жоба құны – 14,2 млрд. теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда жылына 120 мың дана сорғы штангілері мен оған қажетті 150 мың муфталар өндірілмек. Шығарылған өнімнің 50 % ішкі нарықты қалып, қалған 50 % экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр. Тұрақты 200 жаңа жұмыс орны ашылады.
Су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт 2021 жылдың маусым айында басталып, 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, аймақ басшысы С.Трұмовқа «Ақтау теңіз порты» АЭА №1 су аймағында салынатын тағы бір жаңа зауыттың жобасы таныстырылды.
Инвестициялық жоба мұнай өндірісіне қажетті химялық қоспалар шығарады. Зауыт іске қосылғанда елімізде баламасы жоқ 20 астам химия қоспаларын шығаратын бірегей кәсіпорын болмақ. Зауыт жылына 8000 тонна бензалконий хлориді, полиакрил қышқылы , коррозия ингибиторы концентрат шығарады. Тұрақты 40 адам жұмыспен қамтылады. Жоба құны – 1,7 млрд. теңге. 30 % компанияның жеке есебінен қаржыландырылса, қалған 70 % отандық инвесторлардың есебінен салынады.
Жоба құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.