Адам ағзасына аса пайдалы дәрумендерге бай саумал, қымызды айтпағанда, жылқы етінің пайдасы да ұшан-теңіз екенін білеміз. Тіпті, атқа міну де - ем. Бізге, қазақсыз жылқыны, қазы-қартасыз дастарханды елестету мүмкін емес... Бұл жөнінде Құланды ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, жылқышы, атбегі Қуантқан Нұрмағанбетов былай дейді:
- Төрт түліктің ішінде, жылқыны "салтанаттың малы" дейді, бұрынғы шалдар. Атқа мінгенде еңсең көтеріліп, шапқанда, қанаттанып, ұшқан құстай рухтанасың. Терлеген жылқының ық жағына таясаң, мұрыныңа келетін иіс - аңқаңды ашып, апшыңды қуырады. Өкпені қабатын осы бір күлімсі иіс таптармайтын ем екен. Жылқы малын жағалап, жанында жүрген адамға ешбір ауру жоламайды;
- Жылқы адамнан ақылды, иесінің көңіл-күйін бірден сезеді. Үйден ашуланып немесе қуанып шыққаныңды, атқораға қарай ойланып не көңілсіз келе жатқаныңды анадайдан сезіп,
сенің мінезіңе қарай қимыл көрсетіп, оқыранып, тыпыршып немесе қамыс құлағын тігіп, жымыраңдап тұратын қасиетті жануар ғой;
... Мен ес білгеннен жылқымен алыстым, жылқышының баласы едім, өмірім жылқымен айналысумен өтті. Студент кезімде дипломдық жұмысты "Адай жылқысы" тақырыбында қорғап, өмір бойы жылқы совхозында зоотехник, жылқы жемдеу фермасында меңгеруші, ипподромда ат жарысының комментаторы болдым. Тіпті, аздап шығармашылықпен айналысқан кезім болса, ол - жылқының арқасында еді, дейді Қуантқан ағамыз.
Шынар Кендін