Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлімнің әскери қызметшісі Т. 2021 жылдың 21 қаңтарында аталған бөлімнің аумағына сурет-бейне бақылау, интернет желісімен жабдықталған ұялы телефонын өзімен бірге алып кірген, яғни әскери бөлім командирінің 23 қыркүйек 2016 жылғы бұйрығы мен 23 маусым 2016 жылғы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мен Қарулы күштерінде жеке пайдаланудағы техникалық құралдарды қолдану туралы» бұйрығының талаптарын бұзған, делінген Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 72 925 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.