Ақтауда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Air Astana" әуекомпаниясы ұжымы "Аналар үйіне" барып, қыз-келіншектерді көктем мерекесімен, аналар мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар компания қызметкерлері "Қарттар үйіне" де арнайы барып, тәттілерін табыстап, ізгі ниеттерімен бөлісті.
Өз кезегінде "Air Astana" АҚ төрағасы Аршат Бекжанова қыз келіншектерді, аналарды мерекесімен құттықтады.
"Шуақты көктеммен бірге табиғат та жаңарып, өміріміз де жаңа жаңалықтармен толығады. Наурыз айында аналар мерекесімен бірге ұлық мерекеміз Ұлыстың ұлы күні жаңа жылымыз да бар. Бүгін біз аяулы аналар мен қыз-келіншектердің мерекесінде аналар үйіне жане қарттар үйіне арнайы барып, мерекемен құттыктадық. Мұндай шараларды біздің "Air Astana" ұжымы әрдайым ұйымдастырып отырады. Өйткені "Air Astana" компаниясының басты мақсатының бірі "Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету", қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүріп, жаксылыққа жаршы бола білу", деді ол.
Сонымен қатар "Air Astana" АҚ төрағасы биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай да біраз шаралар өткізу жоспарларында бар екенін айтып өтті.