Бүгін Ақтау қаласындағы курорттық аймақтың 2 кезеңін дамыту бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Tethys International Hub Ltd» жеке компаниясы»,«Aktau properties» ЖШС (BI Holding) және «Caspian Plaza» ЖШС (BAZIS-A корпорациясы) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Маңызды құжаттың мақсаты «Tethys International Hub Ltd» Жеке компаниясы» кешенінің, «Aqtau Riviera» және «Aktau properties» ЖШС (BI Holding) 4* халықаралық қонақ үйінің құрылысы» және Ақтау қаласының «Жылы жағажай» ауданында «Сaspian Plaza» ЖШС (BAZIS-A корпорациясы) Aqualina Resort курорттық қонақ үй кешенінің (тақырыптық ойын-сауық паркі; виллалары бар гольф-қонақ үй; гольф-клуб; «Town Center» сауда қатарлары және т.б.) құрылысы» жобаларын іске асыру.
Меморандумдарды орындау шеңберінде инвесторлар жергілікті халықты жұмысқа орналастыру, қонақ үй және мейрамхана ісі бойынша қызмет көрсету саласындағы мамандарды даярлау және оқыту жөнінде шаралар қабылдайды, шағын және орта бизнесті қолдау үшін жергілікті кәсіпкерлермен (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, қолданбалы өнер шеберлері, қолөнер ісі және т.б.) шарттар жасасу мүмкіндігі қаралады.
Облыс әкімдігі инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамытуға жәрдем беретін болады.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын