Коммуналдық қызмет жұмысшылары түннен бері қар тазалау, жолға құм себу жұмыстарын жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
17.02.2021 жылы түнгі кезекшілікке жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақ алдын-алу мақсатында "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары ең алдымен аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, шағынаудан іші, баспалдақтар, жаяу жүргінші жолдарын қардан тазалап жатыр. Төмендегі мекен-жайларға 221 тонна құм мен тұз аралас қоспасы себілді:
- № 15 автомобиль жолы, 15 және 14 шағын аудан аралығы;
- № 16 «А» автомобиль жолы, 9 және 14 шағын аудан аралығы;
- 4 шағын аудан ішкі жолы;
- №7 автомобиль жолы, «Самал» шағын аудан
- №21 автомобиль жолы, «Асар-С» базары
- №3 автомобиль жолы, 10 және 9 шағын аудан аралығы;
- Актау-Аэропорт автомобиль жолы, «ЖУБР»;
- №26 автомобиль жолы, «Кездесу» ЖҚБ
- №8 автомобиль жолы, 4 шағын аудан қалалық әкімдігі;
- №18 автомобиль жолы, 12 шағынаудан 14 үй;
- №15 автомобиль жолы;
- №3 автомобиль жолы, Ақбота саябағы;
- №3 автомобиль жолы, Маңғыстау облысының әкімдігі;
- №3 автомобиль жолы, Қашаған;
- 22 шағынаудан айналма жолы;
- 26 шағынаудан облыстық аурухана;
- "Гелиус" жанар-жағармай құю бекеті.
Аталған жұмыстарға 36 жұмысшы,
5 пескоразбрасыватель (2 трактор пескотряс, 3 маз пескотряс), 1 погрузчик, , 2 газель, автогрейдер жұмылдырылды.