Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыс тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру кездесуінде айтты.
«Қошқар ата» қалдықтар қоймасы жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселе еді. Бұл мәселе әкім ретінде ғана емес, осы өңірдің перзенті ретінде де мені қатты толғандыратын. Тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген қойманың жайын шешу үшін Үкіметке бірнеше рет ұсыныс білдірдім. Арнайы жасақталған жобамыз Үкіметтен қолдау тапты. Биыл наурыз айынан залалсыздандыру жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз. Маңғыстаулықтар үшін аса маңызды түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға қолдау білдірген Үкімет басшысына аймақ жұртшылығы атынан алғысымызды жеткізгім келеді, деді облыс әкімі С. Трұмов.