Маңғыстау облысының тұрғындары мен тұрғын үй құрылысының салымшылары назарына!
БІРІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушының құжаттарын міндетті түрде тексеру.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідей 3 тәсілдің бірі арқылы ұйымдастырылады:(«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 7-бабы)
- кепілдік беру қорымен жасалған шарттың болуы; (8-бап)
- екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы шешімі мен әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы; (9-бап)
- тұрғын үйдің қаңқасының тұрғызылуы және әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы. (10-бап)
⠀
ЕКІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушымен тек ғана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартын жасасу.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарты оны әкімдікте есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. (11-бап) НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрылыс салушылармен келесідей мәміле (шарт) түрлерін жасамаңыз:
- пәтерді сатып алу - сату туралы алдын ала шарты;
- тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы алдын ала шарт;
- брондау немесе қарыз шарты;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартымен байланысты емес басқа да мәміле (шарт) түрлері.
Аталған шарт түрлерін жасаған жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру және кепілдеме алу мүмкіндігінен айырыласыз!
⠀
ҮШІНШІ ҚАДАМ - үлестік құрылыста орын алған қандай да бір күмәнді жағдайлар жөнінде:
- Маңғыстау облысының прокуратурасына: 42-34-10 (17);
- Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына: 31-90-89;
- Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне: 50-47-09, 50-44-47 хабарлаңыз.