Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 2020 жылы емделіп шыққан кішкентай науқастар саны 9 680. Карантинге қарамастан жоспарлы түрде науқастардың қабылдануы 11,2%-дан 17,0%-ға көбейген. 2019 жылға қарағанда қайтыс болған балалар саны 33%-ға азайған. Әсіресе 1 жасқа дейінгі көз жұмғандар саны 2019 жылы 39 баладан, 2020 жылы 21 балаға азайды, оның ішінде 9 бала іштен туа біткен ақаулықпен туғандар . Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Аманбек Жұмыров хабарлады.
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы 205 төсектік кереуеттік, стационарлық және амбулаториялық науқастарға диагностикалық көмек көрсетеді. Атап айтқанда хирургия, травматология және ортопедия, оториноларингология, жүйке жүйесі патологиясы, жас нәрестелер патологиясы, жұқпалы аурулар, соматикалық педиатрия бөлімшелері бар. Биылғы жылға жұмыс деңгейін көтеру мақсатында негізгі бағыттарды айқындап, нақты іс шаралар жасақтауға аурухана басшылығы бүгіннен кірісіп кетті. Бірінші қаржылық тұрақтылық мәселесін және материалдық техникалық базаны нығайту, екінші кадр мәселесін шешу, ал үшіншіден жұмыс сапасын одан әрі жақсарту көзделген.
Айта кету керек, аурухана ғимараты 1978 жылы тұрғызылған, ал жұқпалы аурулар бөлімінің ғимараты 1980 жылы пайдалануға берілген. Көп жылдар бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, тозығы жеткені соншалық әрдайым сынға түсіп жүргенін дүйім жұрт жақсы біледі. Әкімдіктің қолдауымен 71 млн теңгеге аурухананың негізгі ғимаратына кезекті жөндеу жүргізілді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимаратына жобалау сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді және орталықтандырылған оттегімен қамту жүйесі орнатылды.
Қазіргі заманғы медициналық қондырғылармен қамту мақсатында 2020 жылы аурухана бюджетінен физиотерапиялық кабинеттер, атап айтқанда УЗТ, магнитотерапия, электрофорез, УВЧ, парафин, дорсанвель аппараттарымен толық жабдықталды. ABL-800 қан газы және электролит анализаторы және 2 бу стерилизаторы сатып алынды. Жергілікті бюджеттен УЗИ, рентген аппараттары, ЭКГ, дефибриллятор аппараттарымен қамтамасыз етілді. Демеушілік көмектің арқасында лапароскопиялық хирургиялық бейне-кешен, 20 кислород концентраторы, 7 өкпені қарқынды желдету аппараты, С-дуга рентген жүйесі, эндоскопиялық бейне-кешен құрылғылар алынған болатын. Дәрі-дәрмектің жұмсалуын тиімді болуын бақылау мақсатында госпитальдық фармация бөлімі ашылды.
Аурухананың өзекті мәселелерінің бірі – дәрігелер тапшылығы. 2020 жылы жұмысқа қабылданған дәрігер саны 8. Сонымен қатар аурухананың 13 маманы қайта даярлау курсынан өтіп, қосымша травматолог - 3, уролог - 1, кардиолог - 1, аллерголог - 1, гастроэнтеролог - 1, пульмонолог - 1, реабилитолог - 1, эпидемиолог - 4 мамандықтарына оқытылып,маман жетпеушілігін шешеудеміз. Өткен жылы «Exxon Mobil» компаниясының демеушілік көмегімен 3 резидент-маман, атап айтқанда кардиолог, реаниматолог, офтальмологтың оқу қаражаты төленді. Бұдан бөлек 41 дәрігер, 81 орта медицина қызметкерлері мамандардың біліктілігін арттыру курстарында оқыды. Реаниматолог, инфекционист, ЛОР дәрігерлер ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларында мамандығын жетілдіру курстарынан өтті.
Осы шаралар арқылы дәрігер санын 80-ге жеткізу мүмкін болды. Квалификациялық санаттылығы бойынша дәрігерлер 59%-дан 70%-ға, ал медбикелер 42%-дан 51,9%-ға көтерілді. Астана қаласынан жоғары категориялы профессор ЛОР, травматолог мамандары шақыртылып, аурухана мамандарына шеберлік сабақтарын өткізіп, жергілікті мамандарға ота жасаудың қыр-сырын үйретті. Осының нәтижесінде диспансерлік есептегі 38 науқасқа Алматы және Нұр-Сұлтан қаласына жіберілмей, облыстық балалар ауруханасының базасында жоғары дәрежелік көмек алуына қол жеткізді.
Маңызды мәселенің бірі - урологиялық көмектің жоқтығы: маманды қайта даярлау арқылы уролог маман оқытылып, шешімін таппай жүрген экстрендық ауруларға перитонеальдық диализ мәселесі шешілді. Қажетті катетер, диализге керекті сұйықтарымен қамтылды. 3 науқасқа диализ қолдану арқылы өмірін сақтап қалуға қол жетті. Тағы бір назар аударатын мәселе: бұл сирек кездесетін орфандық ауруларды анықтайтын, аз салмақпен дүниеге келген, неврологиялық есепке алуды қажетті категориядағы балаларды 3 жасқа динамикалық бақылауда ұстауға қажет ететін катамнестикалық кабинет жұмысы жандандырылды.Арнайы оқытылған маман дайындалып, қажетті құрал жабдықтармен қамтылды. Еліміз бойынша көп облыстарда жоқ «Nanoduсt» талдағыш аппараты сатып алынған. Осы аппаратты пайдалаудың нәтижесінде Муковисцидоз – балаларда жиі кездесетін аурудың үшеуі анықталған.
Маңғыстау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі 5 485 бала бар, соның ішінде жүйке-бұлшық ет ауытқулары бар 1 061, оның 638 балалар милық салдануы (ДЦП) ауруымен есепте тұр. Осы категориядағы балаларды сауықтыру жұмысы өте күрделі. Бұл ретте 2020 жылы оңалту және қалпына келтіру бөлімшесі ашылды. Толықтай қажетті құрал жабдықтармен қамтылған бөлімшеде қажетті мамандар, атап айтқанда құрамында реабилитолог, психолог, логопед, ЛФК инструкторы, массажисі бар мультидисциплинарлық тобы құрылды. Физиотерапиялық бөлім мекеме қаражаты арқылы толықтай жаңа аппаратуралармен жабдықталған. Қазіргі кезеңге 500-ге жуық бала түрлі сауықтыру деңгейдегі шаралармен қамтылған.
Бүгінгі күннің басты мәселесі короновирус ауруына қарсы күрес. Өткен жылдың маусым айынан бастап жұқпалы аурулар бөлімшесінде 28 төсектік провизорлық бөлімше ашылып, 425 бала емделіп шықты. Биылғы жылға қойған мақсаттар: компьютерлік томография мәселесін шешу, жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, демеушілік көмек арқылы ота жасау бөлімі мен қабылдау бөлімін күрделі жөндеуден өткізу, толық жабдықталған эндоскопиялық кабинет ашу, аудандарға кураторлар бекітіп, жоспар бойынша ұйымдастыру – методикалық көмек көрсетуді жалғастыру.