Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай дүниеден өтті деген қаралы хабар халқымыздың қабырғасын қайыстырды.
Әнес Төлендіұлы қазақ әдебиеті мен руханиятын дамытуға зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жазушы» баспасында, Қазақстан жазушылар одағында еңбек етіп, ұлттық баспасөздің өркендеуіне мол еңбек сіңірді. Ол соңғы жылдары қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қалам тербеп, халқына «Еділ-Жайық» сынды құнды туындыны қалдырып кетті.
Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған ағамыздың жарқын бейнесі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады. Әнес Төлендіұлының жары Алтыншаш жеңгемізге, жақындары мен туыстарына көңіл айтамын.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов