Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылды.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Райымқұлова және қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.
Айта кетейік, «Парасат жолы» жобасының таныстырылымына Маңғыстау облыстық орталық кітапханасы да бейнебайланыс арқылы қосылды.
Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Қ.Мырзағали, Басқарма басшысы Қ.Байгебаев пен мамандары, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары, Дін істері және ішкі саясат басқармаларының өкілдері, «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қатысты.
Шара соңында жиынға қатысушылар пікір алмасып, «Парасат жолы» жобасының қағидаттарын Маңғыстау облысында қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге келісті.