Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бүгін Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде облыс әкімнің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығыменен Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті
Комиссия отырысында негізгі 2 мәселе қарастырылды.
Біріншісі – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және облыстық комиссиялардың жұмыстарымен таныстыру.
Екіншісі – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша атқарылып жатырған жұмыстары.
Сонымен қатар, аталған тақырыптарда және өзге де мәселелер жөнінде Комиссия мүшелері өлкетанушы Отыншы Көшбай, тарих ғылымдарының кандидаты Жанат Нұрмаханова, Әбілқайыр Спан, Гүлайым Дәуітбаева өз ойларымен бөлісіп пікірлерін білдірді.