Ақтау қаласындағы бактериологиялық «Эталон Мед» зертханасы зерттеу сапасын сырттай бағалау бойынша халықаралық сертификатқа ие болды. Бұл зертхананың нәтижелері халықаралық талаптарға сай және жоғары кәсіби деңгейде орындалады дегенді білдіреді. Мұндай тестілеу нәтижелері отандық дәрігерлерге диагноз қоюға және адам өмірін сақтауға көмектеседі. Бұл туралы Ақтау қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандандырылған зертханада 47 адам жұмыс істейді. Республиканың басқа өңірлерінен шақырылған мамандар да бар. Сапаны бағалау Мәскеуде әр елден жиналған 500-ден астам зертханалардың қатысуымен өтті.
«Біздің алдымызда мамандардың біліктілік деңгейі мен зертхананың мүмкіндіктерін анықтау бойынша күрделі міндеттер тұр. Процесс 2020 жыл бойы 2 кезеңде өтті. Зертханаға толық шифрланған дақылдар келіп түсті, олардың антибиотикке сезімталдығын қысқа мерзімде анықтау қажет болды. Біз бұл тапсырмаларды сәтті орындап, ең жоғары балл алдық. Бұл «Эталон Мед» ЖШС-нің бактериологиялық зертханасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін және Бактериология бөлімінде көптеген халықаралық деңгейде зерттеулер жүргізетіндігін көрсетеді. Қазіргі таңда біз зертхананы аккредитациялауға дайындалып жатырмыз. Зертхананың ашылғанына 11 ай ғана өткенін ескерсек, бұл - үлкен жетістік деп ойлаймын», - деді директор, м. ғ. к. Б. Өтесінов.