Кеше Отпан тау етегінде жасөспірімдерді құсбегілікке баулу мақсатында салбурын ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынды ұйымдастырушы "Отпан" МКҚК. Шараға Отпан тау етегіндегі Тұщыбек ауылының белгілі құсбегілері Айшуақ Тайманов, Ертіс Есжанов жане олардың шәкірттері, мәдениет саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
«Жиынның мақсаты жас құсбегілер арасында саятшылықты, құсбегілікті насихаттау. Жас құсбегілер жылдан жылға көбейіп келеді. Ауа райының қолайсыздығы мен карантин талаптарына байланысты адам саны аз болып отыр. Құсбегілік - өте нәзік нәрсе, ата-бабамыздан келе жатқан кәсіп түрі. Жастарға ұзын мылтықпен аңды атып алуды емес, құс салып, ит жүгірткен аң аулаудың қызық әрі адал жол екенін насихаттағымыз келеді», деді «Отпан» МКҚК бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек.
Қатты жел салдарынан «Салбурынды» толықтай далада өткізу мүмкін болмады. Сондықтан құсбегілер «Қарашаңырақ» ішінде қоянға ителгі мен қаршығаны салды.
Айта кетейік, «Салбурын этнографиялық шарасы 2013 жылдан бастап жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН