104 жастағы тыл ардагері дауыс берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінің 104 жастағы тұрғыны өз таңдауын жасады. Тәжібай Түрікменбаев үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы қорғаныш киімдерін киген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшікпен ақсақалдың үйіне барды. Тыл ардагері алпыстан аса немере, екі шөпшек сүйіп отыр, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.