Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында тұратын 19 жасар жас жұбайлар өз таңдауын жасады. Бұл туралы МО ҚКО хабарлады.
Орынбасар Сойынбай мен Назерке Махмудова 18 жастарында отау құрған. Қазіргі таңда бір баланың ата-анасы. Бүгін олар №218 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді, делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.