Маңғыстау облысында 14 жабық учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.
«Маңғыстау облысында көптеген вахталық әдіспен жұмыс істейтін кенорын мен әскери бөлімдер бар. Өңіріміз сонысымен ерекше. Мәселен, «Қаражанбас», «Қаламқас», «Бозащы» кенорындары мен теңіз аралында орналасқан әскери бөлімдер. Әскери қызметкерлердің дауыс беру мүмкіндігін қарастыру мақсатында арнайы тікұшақ бөлініп отыр. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің тізімі жасақталды. Сайлау күні вахтада жүргендер кенорындағы учаскелерде дауыс береді. Ал вахтадан үйге кетіп қалғандар тұрғылықты мекен жайы бойынша дауыс бере алады», - деді Асқар Рзаханов.