Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.
Маңғыстау облысы бойынша барлығы 1043 сенімді өкіл тіркелді.
5 саяси партиядан сенімді өкілдер тіркелді:
- «Нұр Отан» саяси партиясынан – 594;
- «Ауыл» саяси партиясынан – 58 ;
- «Ақ жол» саяси партиясынан – 334;
- «Адал» саяси партиясынан – 49;
- «Қазақстанның халық партиясынан» – 8 сенімді өкіл тіркелді.
Барлығы 1043адам тиісті куәлік алды.
«Байқаушылар саны облыс бойынша 2 220 адам. Ұзақ мерзімді 2 байқаушы бар. Олар Швеция елінен келген Мари Уттерман және Италиядан келген Салис Джулиано. Қорыта айтқанда, сайлау науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде», - деді Асқар Рзаханов.