«Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бердібек Есенжанов, Мақсат Мұқаш, Светлана, Абыз Ақмырзин Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде мәслихат депутаттығына кандидаттар халыққа өздерін таныстырып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқылады. Қала тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Тұрғындар спорт және мәдениет саласын дамытуға және медицина мен білім сапасын көтеру үшін қандай шаруалар жүзеге асырылатынын сұрап, тұшымды жауаптарын алды.
Жайық НАҒЫМАШ