Сайлауалды үгіт-насихат науқаны орайында «Adal» саяси партиясы штаб мүшелері мен Қарақия аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Қанат Айтбай «Коммуналдық төлемдер орталығы» қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мекеме жұмысшылары мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Сәлімгерейұлына аудан дамуына арналған алдағы жоспарлары мен мақсатына қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ партия бағдарламасының тиімділігі мен қолайлы тұстары туралы да бірқатар сауалдар жолданды.
Қарақия аудандық мәслихаты депутатына үміткер Қанат Айтбай «Adal» саяси партиясының өңірдің әлеуетін жақсарту, өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешу үшін жасақталған бағдарламасын таныстырды.
Еске салсақ, партия сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Сайлауға 5 партия қатысады. Саяси партиялар ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.
Жайық НАҒЫМАШ