ҚХП Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының ауыл-аймақтарда кездесулері Қарақияда жалғасуда. Құрық ауылындағы 1 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, алға қойған мақсаттарымен таныстырды. Партия өкілдері облыстың шалғай ауылдарында болып, қоғамдық кездесулер өткізген кезде ауыл тұрғындарының көкейтесті тілегін, қарапайым халықтың үнін тыңдады.
ҚХ партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар тұрғындардың сауалына жауап берді.
Шынар КЕНДІН