"Ауыл" партиясынан Маңғыстау облысың мəслихаты депутаттығына кандидаттар Айгүл Ескалиева жəне Жұлдыз Өмір, облыстық штаб жетекшісі Аллаберген Қонарбаев бастаған «Ауыл» партиясының өкілдері Мұнайлы ауданы, Баянды ауылындағы «Айбек» ЖШС-і ұжымымен кездесті. Кездесуде шаруа қожалығының жұмысымен танысып, кәсіпкердің ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
Шаруашылық басшысы Амангелді Өскінов бұл күні 30-дан астам түйе өсіріп, өнімдерін ауыл-аймаққа таратып, ауылдағы сауда орталықтарына сатып отыр. Өнімнің жемісі жаман емес. Шаруашылығында онға жуық адамды жұмыспен қамтып, жағдайын жасап отырғанын айтты. Кандидаттар бұдан басқа да елді мекендерде тұрғындармен кездесулер өткізуде.
Шынар КЕНДІН