«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Айгүл Ескалиева, Жұлдыз Өмір жəне облыстық штаб жетекшісі Аллаберген Қонарбаев бастаған үгіт тобы Ақшұқыр ауылында «Казақ осетр» ЖШС ұжымымен кездесті.
Балық шаруашылығының дамуына үлес қосып отырған шаруашылықта 15 000-нан астам бекіре өсірілуде. Жергілікті өнімге ауыл аймақтан бөлек алыс-жақын шетелдерден де сұраныс зор.
Кездесуде ауыл, балық шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуға байланысты жайттар әңгіме өзегіне айналды.
Жадыра ЖОЛДАСОВА