«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Түпқараған аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанғожин Жандарбек пен Iзтұрғанов Ғазиз Форт-Шевченко қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.
Іссапармен Түпқараған ауданында болған «Ақ жол» демократиялық партиясының МОФ төрағасы Жаңбырбай Матаев Форт-Шевченко қаласының тұрғындарымен мәдениет үйінде жүздесті.
Бас қосу барысында нәубет жылдары ашаршылық тақырыбында түсірілген Еркін Рақышевтың «Ашаршылық» деректі фильмі көрсетілді. Фильм тамашалап отырған көрермендер еріксіз көздеріне жас алды. Жиын соңында қала тұрғындары фильмнен алған әсерлерін бірге бөлісті.
Жадыра ЖОЛДАСОВА