«Қазақстан Халық партиясы» Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының өкілдері Қызылөзен ауылының тұрғындарымен кездесті. З.Баймырзаев мектебінің мұғалімдерімен әңгімелесу барысында партия өкілдері тұрғындарды ашық диалогке тартты.
ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Роза Махамбетова мұғалімдердің мәртебесі туралы қабылданған заң туралы айтты. Қарапайым халықтың еңбек ету құқығының қамтамасыз етілуі, жалпы қазақстандықтардың мәселелері, халық, жер және салық жайы әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ бизнесті қолдау, халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету жолдары, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасы туралы сөз қозғалды. Жиында сөз алған ауыл тұрғыны К.Медеуова көтерілген мәселелерге орай пікірін білдірді.
Жадыра ЖОЛДАСОВА