«ADAL» партиясы атынан Түпқараған аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Ардақ Урбисинова Форт-Шевченко қаласында халық көп жиналатын орындарда тұрғындармен кездесті.
«ADAL» партиясының өкілдері бүгінгі таңда халықпен жүздесіп, жергілікті кәсіпкерлік объектілерінде болып, халықтың әл-ауқатымен танысып, өзекті мәселелерімен ашық және тікелей онлайн түрде пікір алмасуда.
«ADAL» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесуде халықтың өмір сапасын көтеру, кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру жөнінде әңгімеледі.
Жадыра ЖОЛДАСОВА