"Ақ жол" халықтық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Алашым - мақтанышым" атты тарихи-танымдық кеш өтті.
Кешке "Ақ жол" ҚДП МОФ төрағасы Жаңбырбай Матаев, онлайн-формат арқылы драматург, ұстаз Өтен Ахмет, ғалым, журналист Сұлтанхан Аққұлы, орталық аппарат маманы Жанұзақ Дүйсенбайұлы қатысып, шараға қатысушы жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Кеш соңында жастар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өнерпаз оқушылардың ән-шашуын қабыл алды.
Айгүл РАХМЕТОВА