Жуырда “Адал” саяси партиясының аудандық сайлауалды штаб өкілі және ауыл ақсақалдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлермен онлайн-форматта байланысқа шықты.
Ауыл ақсақалдары А.Ертілеуов пен К.Сейітов тұрғындар атынан сөйлеп, өзекті мәселелерді баяндады. Кездесу барысында ақсақалдар аудан орталығында орналасқан карьер, газ сақтау станциясы төңірегінде мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын да жеткізді. «Адал» саяси партиясының сайлауалды штаб өкілі, тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Мәликова Шетпеге келіп, ауыл ақсақалдары көтерген мәселелермен танысты.
Айгүл РАХМЕТОВА