Бүгін 4 және 5 шағынаудандар арасындағы Шевченко саябағында жаңа жылдық шамдар жағылды. Мерекелік шараға Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай қатысты. Бұл игі істі "ADVER.KZ" жарнама компаниясы қайырымдылық акция аясында қолға алған. Компания желтоқсан айының басында саябақта жарық шамдарын орнатуды бастаған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазір барлығы үшін қиын кезең, және дәл осындай кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсету аса маңызды. Тұрғындар кәсіптің дамуына үлес қосса, кәсіпкерлер халыққа қолдау көрсетуде. Бұл әсіресе, қазір үлкен маңызға ие болып тұр. Жаңа жыл - бұл мерекелік көңіл-күй сыйлайтын игі істердің бастамасы болатын кез. Осындай керемет сыйлық үшін компанияға алғыс айтамын", - деді қала әкімі.
Компания басшысының айтуынша, олар алаңды жарықтандыруды осыдан бірнеше жыл бұрын ойластырған.
"Биыл баршамыз қиын кезеңді бастан кештік. Осыған байланысты біз қала тұрғындарын қолдау және көңіл-күйлерін көтеру үшін жобаны биыл жүзеге асыруды шештік. Гирляндалар мен жарықтандыру элементтерін бір бөлігі өткен жылы сатып алынды, бір бөлігін биыл алдық. Конструкцияларды дайындау және монтаждау жұмыстарын біздің қызметкерлер жүргізді. Саябақты безендіру бойынша қайырымдылық бастамамызды Ақтау қаласының әкімдігі мен "АЭЖБ" мекемесі қолдады", - деп атап өтті компания директоры Ян Зубрицкий.