Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда. Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде. Бұл туралы Ақтау қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімінің орынбасары М.С.Абдыкадиров жетекшілік ететін мониторингтік топ қала бойынша сағат 17:00 ден бастап рейдке шықты.
Рейд барысында 6 нысан тексерілді. Нәтижесінде 11 мекен-жайында орналасқан "Bosphor" кафесінен түсініктеме алынды, түсініктемеде бармен және кафе жұмысшылары бетпердесіз және қорғаныс қолғаптарынсыз қызмет көрсетіп жатқаны анықталды. Анықталған дерек бойынша СЭС және координациялық орталық басшыларына видео және жазбаша түсініктеме жолданды, делінген хабарламада.