Жаңаөзен қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Рзабек Сарманов пен Жақсылық Көптілеуов іргелес орналасқан Теңге ауылында болып, Абыл Өтембетұлы атындағы көше тұрғындарының үйіне барды. Әрбір үйдің тұрғынымен жеке кездесіп, хал-жағдай сұрасып, ұсыныстарын тыңдады. Көше тұрғындары зейнетақы көтеру, ауылды көріктендіру, жастарға қолдау көрсету сияқты қажеттіліктерін айтты.
Теңге ауылы тұрғыны Ғабидулла Қойшыбаев: «Nur Otan»-ға дауыс береміз. Зейнетақыны көтерсін. Жастарға жұмыс тауып берсін. Халықтың әл- ауқатын жақсарту мақсатында жұмыстар жасайды деген сенімдеміз. Өз жерімізді басқа біреуге бермесін» деді.
Жаңаөзен қаласын дамытудың сайлауалды бағдарламасында Теңге ауылын көріктендіру, ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамту, жол салу, электрмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру, Теңге әулиені абаттандыру секілді жұмыстар қамтылған. Жаңаөзен қаласының су тазарту имаратынан Теңге ауылына дейін су тазарту құбырын салу 2021 жылдан бастап жүзеге аспақ. 2023-24 жылдары кәріз желісінің құрылысы жоспарда. Одан кейін ауылды сумен жабдықтауды қайта жаңарту ісі іске асырылады. 50 орынды спорт зал салынады. Жалпы Жаңаөзен мен үш ауыл бойынша алдағы жылдары 25 спорт және 25 ойын алаңшасы пайда болады.
Жақсылық КӨПТІЛЕУОВ, кандидат:
- Үгіт-насихат жұмыстары 3 бағытта жүргізіледі. Бұл акция екінші жоба. Біз үйлерді аралап, партияның бағдарламасын түсіндіріп жатырмыз. Проблемаларын, ұсыныстарын жазып алып жүрміз. Ескерусіз қалмайды. Тұрғындарды сайлауға келіп, көш бастаушы партияға дауыс беруін сұраймыз.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Сайлау қоры қаражатынан төленді