«Nur Otan» партиясы ақтаулықтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды және сапалы жолдарға қолжетімділікті қолдайды.
Бүгін Ақтау қалалық мәслихатының депутатына кандидаттар бірқатар үгіт-насихат шараларын жүзеге асырды.
Кандидат Мұратбек Досжанов "Есіктен есікке" акциясы аясында облыс орталығының 31-шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Шағынаудан тұрғындарына "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті басым бағытын түсіндірді.
Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдаған М.Досжанов сайлауалды бағдарлама - халық үшін тиімді жағдайларды бірлесіп жасауға, өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, сайлауда "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетуге және дауыс беруге шақырды.
Бұл уақытта тағы бір маңызды кездесу қаланың екінші бөлігінде өтіп жатты. Қалалық мәслихат депутатына кандидаттар Ғани Әбдісадықов, Кирилл Осин, Шамсудин Гусейнов, Гүлден Иманғалиева «КazFruitCompany» ЖШС басшылығы және қызметкерлерімен кездесті. Айта кетейік, кәсіпорын өңірде он жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Облыс көлеміндегі барлық қала, аудан, ауылдарды жеміс-жидектермен қамтамасыз етіп, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кездесу барысында штаб мүшелері партия бағдарламасы, өңірдегі бизнесті дамыту мүмкіндіктері мен перспективалары, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау туралы айтып берді. Болашақ халық қалаулыларын тыңдап болған соң, компания қызметкерлері осы ауданда қоғамдық көлік ұйымдастыру мәселесін шешуді, сондай-ақ жолдарды жөндеуді сұрады. ЖШС қызметкерлері кәсіпорынның жанында шағын және орта бизнестің басқа да субъектілері, сондай-ақ жеке сектор бар екенін атап өтті.
"Біз жақын маңдағы аялдама мен қоғамдық көлікке жету үшін жаяу жарыс (кросс) жасауға мәжбүрміз", - деді олар.
Барлық сұрақтар партиялықтардың назарына алынды. Олар жауапсыз сұрақтар қалмайтынына сендірді. Өйткені Маңғыстау облысының «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Мәселен, алдағы бес жылда партия автожолдардың құрылысы мен жөнделуін қамтамасыз етеді. 2021 жылы 139 шақырым, 2022 жылы – 137 шақырым, 2023 жылы – 119 шақырым, 2024 жылы – 123 шақырым, 2025 жылы – 80 шақырым автожолды, оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауыл арасы жолдарын жөндеу алда тұр.
Сонымен қатар бұл күні ғылыми интелегенциямен кездесу ұйымдастырылды. Шара қалалық мәлихатқа үміткерлер М. Досжанов, Б. Жүсіп, Б.Шагировамен жүзеге асты. Yessenov University белсенді оқытушылары Айдаш Касымбек, Бибігүл Саубетова, Айжан Омарова, Закир Акберов, Гүлсара Мамбеталиева, Ләззат Есеева, Бисембай Сатжанов қатысты.
Шара барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын жариялап, аймақтың даму перспективаларын талқылады. Партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі – ғылымды дамыту екені сөз болды. Партия ұсынып отырған нақты шараларға тоқталып, соның ішінде білім мен ғылым салалаларын дамытуға бағытталған жобалар туралы айтып берді.
Мәселен, еліміздің ғылым саласын өркендету жолында өршіл қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда елімізде ғылымды қаржыландыру көлемін 7 есе көбейтіп, 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің 1 пайызына жеткізу-басты меже етіп қойылып отыр деп атап өтті үміткерлер.
Университет ұжымы мен қатысушылар бірқатар мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын талқылады. Көтерілген өзекті мәселелер партия бақылауында болмақ.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді