10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның бірі бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Рахат» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті.
Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихаты депутатына кандидаттар Бақтыбай Жайлауов, Сәдуақас Битан, Берік Жарылғапұлы сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық сала бойынша мәселелер көтерілді.
«2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз. «Nur Otan» партиясы барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Біздің ауданды әрі қарай дамыту бойынша Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! 10 қаңтар күні баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашаққа бірге қадам жасауға шақырамын» - деп шара соңында Битан Сәдуақас дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді