Бүгін 14 желтоқсан күні Баутино ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында "Nur Otan" партиясы Түпқараған ауданы сайлауалды штабының жетекшісі Светлана Жолдасова мен штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында штаб мүшелері ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және "NurOtan" партиясын қолдауға шақырды.
Тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қолдау білдірді. Ауыл тұрғыны Ж.Игликова партия мүшелеріне сәттілік тілеп, партияның нақты үлесін атап өтті.
- Біз партияның нақты істері мен көмегін көріп отырмыз. Мысалы, ауылдағы Сатимов көшесінде газ құбыры дұрыс орнатылмаған. Партияның партиялық бақылау тобының мониторингінің арқасында мәселе шешілді. Сіздің партиялық жобаларыңыз жалғасады деп үміттенемін, - деді ол.
Баутино ауылының 92 жастағы тұрғыны алдағы сайлауға сәттілік тілеп, батасын берді.
Іс-шара соңында партияның Түпқараған ауданы сайлауалды штабының төрайымы Светлана Жолдасова халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.