Бүгін әлеуметтік желілерде Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен қаққан адамдардың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері видеодағы адамдардың жеке басын анықтады. Екі ер адам Түпқараған аудандық полициясында, қазіргі уақытта олармен тергеушілер жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Облыстық ПД мәліметінше, оларға ҚР ҚК-нің «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша жаза тағайындалады және оларға 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын орындайды.