Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл туралы бүгін үкімет қаулысы қабылданды.
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: "Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы хабарланды.