Ақтау қаласына коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 қазан күні Ақтау қаласының әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған Ұлыбритания азаматы депортацияланды.
Сондай-ақ, 24 қазан түнінде 9 рейспен 1158 адам ұшып келген. Соның ішінде 951 жолаушының ПТР-анықтамасы болған, Қазақстанның 207 азаматында анықтама болған жоқ.
Рейстердің:
- 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласына (471 жолаушы, оның 385-інде анықтама болды, 86 адам анықтамасыз);
- 4-еуі Алматы қаласына (588 жолаушы, оның 472-сінде анықтама болды, 116 адам анықтамасыз);
- 1-еуі Ақтау қаласына (99 жолаушы, оның 94-інде анықтама болды, 5 адам анықтамасыз) жасалды», - деп хабарланды ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында.
Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантин стационарларына орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь, Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.