Қала күні мерекесі мен қоғам қайраткері Ибаш Жанболатованың 100 жылдық мерейтойына сәйкес бюсті мен музейі ашылды, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ибаш Жанболатова Маңғыстау қыз-келіншектерінің арасынан шыққан алғашқы қоғам және партия қайраткері. Мемлекеттік дәрежедегі жоғары лауазымдық қызметтерді абыроймен атқарып, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенділігі және іскерлігі мен табандылығы арқасында халық құрметіне бөленген айтулы тұлға.
Музейдің ашылуына Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, И.Жанболатованың қызы Жұмағалиева Сара Қабдолқызы мен тумаластары, облыстық басқарма басшылары және басқа да қонақтар қатысты.
Мектептегі музей 4 бөлім бойынша жабдықталған.
1 бөлім: Ибаш Жанболатованың өмірі мен еңбек жолдарына арналған
2 бөлім: Отбасына арналған витринадан тұрады.
3 бөлім: И.Жанболатованың еңбек жолындағы әріптестері.
4 бөлім: Мектеп тарихы, мектепті басқарған басшылар, мектеп жетістіктерінен жасақталған.
Музейдің мақсаты - Ибаш Жанболатованы құрметтеу, елге сіңірген еңбегін дәріптеу, еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ету.