Қарақия аудандық сотында Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, Ж. 2019 жылы 30 қараша сағат 17:00 шамасында «Renault Duster» автокөлігін «Ақтау-Жаңаөзен» бағытындағы жолда басқарып, жолдың жүру бөлігінен оңға шығып, жол жиегіне тоқтап, телефонмен сөйлесіп, кейін жолға шығып, солға кері бұрылу кезінде бағыттас келе жатқан А-ның басқаруындағы «Lada 21144 110-42» автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленуші Ж-ның денсаулығына орташа зиян келтірген.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.