Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ҚР ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты аясында «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты - әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік саласында жұмыс істеу дағдыларын арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Жоба аясында 2020 жылдың 26 тамыз Ақтау қаласы, 27 тамыз Жаңаөзен қаласы, және 09 қыркүйекте Шетпе ауылында ауылдық ҮЕҰ мен азаматтардың потенциалын арттыру мақсатында "Жобалық басқару" және "Жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік маңызы бар сұрақтарды шешуге қатысуы" тақырыбына тренингтер өтті. Оқыту барысында қатысушылар әлеуметтік жобалардың өтінімін жазу (жоба мақсаты, міндеттері, тұрақтылығы, бюджеті) және шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысуы (қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, ашық үкімет және т.б.). аясында ақпарат алды. Тренингке ауыл ҮЕҰ, жергілікті қоғамдастық мүшелері, белсенді азаматтар және жастар қатысты.