Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Б-ның жауапкер ТОО-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, 12 ақпан 2019 жылы тараптар арасында көп қабатты жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алу үшін алдын ала сату-сатып алу шарты жасақталған. Көп қабатты тұрғын үй кешені шарт бойынша 4-квартал, 2019 жылы салынып бітуі керек. Өз кезегінде талап қоюшы пәтер алу үшін жауапкерге 3 500 000 теңге көлемінде ақша қаражатын төлеген. Алайда, аталған көп қабатты тұрғын үй осы күнге дейін салынбағанын айтып, жауапкерге төлеген 3 500 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын өндіруді сұраған.
Сот талқылауы барысында тараптар татуласу келісіміне келіп, оның талаптары бойынша жауапкер талап қоюшыға 2021 жылдың 31 наурызына дейін 3 500 000 теңге көлемінде ақша қаражатын төлеп беруге міндетеме алды.
Сот тараптармен жасалған татуласу келісімін заң талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, татуласу келісімін бекітті.