Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Ақтау қаласының 15-ші және «Самал-2» шағынаудандар аралығындағы №7 автомобиль жолында су құбыры жарылу салдарынан асфальт жабындысы ойылған. Осыған орай, су құбырын қайта қалпына келтіру мақсатында, 10 қыркүйек 2020 жылы таңертеңгі сағат 09:00-де №7 автомобиль жолы екі бағыттан жабылатындығын хабарлаймыз. 2 (екі) күнде қозғалыс қайтадан қалпына келтірілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.